Елдің барлық аймақтарындағы ҰБТ өткізу орындарында күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар қатаң ұстану арқылы өткізілуде.

Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Дидарбекова Наужан өз баяндамасында мәлімдеді.

«Карантинді сақтауға байланысты елімізде адамдардың жаппай жиналуына тыйым салынғанын атап өткім келеді. Бұл ережелерді елемеу-біздің түлектеріміз үшін қосымша тәуекелдер екенін түсіну керек, сондықтан мен алдын-ала барлық ата-аналардан кешірім сұрап, оларды түсіністік танытуына шақырамын: өйткені оларға ҰБТ өткізу пунктінде болуға рұқсат етілмейді», деп атап өтті Н. Дидарбекова.

ҰБТ өткізу орындарында күшейтілген медициналық-санитарлық шаралар негізінде жоғары температурамен анықталған 2 тестіленуші ҰБТ-ға жіберілмеді. Оларға басқа күндері немесе бөлек аудиторияда жалғыз тапсыру ұйымдастырылатын болады.