Елордада коронавирус бойынша ағымдағы жағдай туралы

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында онлайн-баспасөз конференция аясында елордалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Кисикованың ақпараты бойынша, бүгінгі таңда қалада 2 620 коронавирус жұқтырған азаматтар тіркелген, олардың 1 829 (70 %) сауығып жазылған.

Спикер атап өткендей, диагностика мен емдеудің жоғары технологиялық әдістерін қолдана отырып, толық көлемде жүргізілетін медициналық көмекке қарамастан қалада өлім-жітіммен аяқталған 14 оқиға тіркелген.

Анықтама: өлім жағдайларының құрылымында ерлер саны басым - 80%, әйелдер - 20% құрайды. Жасы бойынша: 40 – тан 50 жасқа дейін - 2 адам; 50 - ден 60 жасқа дейін-4 адам; 60-тан жоғары-8 адам.

Аурудың ағымы мен нәтижесіне әсер ететін қауіп факторлары ретінде С. Кисикова қант диабеті, АГ, ырғақтың бұзылуымен ЖИА, қатерлі ісіктер; алмасу процестерінің бұзылуы сияқты ілеспе аурулардың бар екендігін атап өтті. Сонымен қатар, спикер кеш қаралу және өзін-өзі емдеу жағдайларының бар екендігін де атап өтті.

«12 маусымдағы жағдай бойынша стационардағы 730 адамның 48-нің жағдайы ауыр, оның ішінде 13-і өте ауыр халде және өкпені жасанды желдету апаратына қосылған», - деп елордалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы хабарлады.

Тақырыптың жалғасы ретінде елорданың бас санитарлық дәрігері Жанна Пралиева карантиндік шаралардың әлсіреуін болдырмау шараларына назар аударуды сұранды. Оның пікірінше, жаппай жұқтыру қаупінің басты факторы бетперде тағу режимінің сақталмауы, әлеуметтік қашықтықты бұзу, сондай-ақ адамдар көп жиналатын жерлерге барған кезде жеке гигиенаның сақталмау фактілерін атап өтті.

«Бүгінгі таңда қаланың инфекциялық, провизорлық, карантиндік стационарларында 917 пациент бар, олардың 78-і - балалар, яғни әрбір 12-ші пациент – бұл, негізінен, мектеп жасына дейінгі сіздердің, біздің баламыз», - деп хабарлады Ж. Пралиева.

Бас санитарлық дәрігердің ақпараты бойынша, қалада ПТР-диагностика бойынша 7 зертхана жұмыс істейді, онда күн сайын 4-тен 5 мыңға дейін зерттеу жүргізіледі. Жалпы, ағымдағы күнге 148 мыңнан астам зерттеу жүргізілді.

«Инфекциялық стационарларда КВИ жұқтырған аналардан 12 жаңа туған сәби дүниеге келді. Бұл болашақ аналар мен отбасылары мүшелерінің біздің ұсыныстарымызды сақтамауының нәтижесі»,- деді Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігері.