Бұл туралы «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық саясат институтының директоры Юлия Кучинская «Нұрсұлтан Назарбаев - жауапты көшбасшы: сабақтастық және эволюция» атты халықаралық конференция аясында мәлімдеді.

«Қаланың құрылысы мен дамуының таңдалған стратегиясы, оның философиясы жаңа құндылықтарды тәрбиелеуге септігін тигізді деп сеніммен айтуға болады. Жаңа аумақтарды салу және қаланың ескі бөлігін абаттандыру жолымен елорданы кеңейту тұжырымдамасы үдемелі даму мәдениетін қалыптастырды», - деді сарапшы.

Юлия Кучинскаяның айтуынша, елорда сананың, инновациялық ойлаудың, елді жаңғыртудың жарқын үлгісі болды. Осылайша, елорданы көшіру ұлттық құрылыстың, елдің болашақ бейнесін қалыптастырудың қуатты құралына, үдемелі даму мен эволюциялық өзгерістердің символына айналды.

«Стратегиялық көзқарас, рухтың мықтылығы, жауапкершіліктің жоғары деңгейі мен Елбасының реттілігі жаңа қала құруға мүмкіндік берді. Бүгінгі күні Нұр - Сұлтан - еліміздің бетбейнесі. Жаңа елорда әлемдік қауымдастыққа және бірінші кезекте өзімізге тәуелсіз Қазақстан неге қабілетті екенін көрсетуге мүмкіндік берді», - деп түйіндеді Юлия Кучинская.

Бүгін, 2020 жылғы 2 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында "Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция".

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.