«Еліміздің барлық ауруханалары КВИ емдеу үшін дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілген»,- деп мәлімдеді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде вице-премьер Ералы Тоғжанов. Оның айтуынша, бөлшек дәрі – дәрмекпен қамтамасыз ету мәселесі әрдайым үкіметтің күн тәртібінде. Мемлекет басшысы да бақылау мен профицитті күшейтуді тапсырды.

Ресми мәліметтер бойынша, бүгін елімізде COVID-19-дан 17 700 адам ауруханаға жатқызылды, ал провизорлық қор 27 мың адамға арналған. Дәрілік заттарды сатып алу бойынша жұмыстар жалғасуда. Көлемі 59 мың пациентке есептелген.

Өңірлер бойынша 4 мың пациентке 160 мың "Лопинавир/ритонавир" таблеткасы таратылды. Осы препараттың тағы 840 мың таблеткасы ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейін, 61 мың "Гидроксихлорохин" препаратын, 11 мың "Ремдесивир" құтысын қосымша жеткізеді. Осы дәрі-дәрмектердің тағы да 440 мың бірлігі 15 тамызға дейін тұтынушыларға жеткізіледі.