Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев халық алдындағы есептік кездесу аясында азаматтық қоғам мен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдеріне балалар суицидімен күресуде күш-жігерін біріктіруге шақырды.

Оның айтуынша, биылғы жылдың өзінде ғана 58 бала өз-өзіне қол жұмсаған.

«Мүмкіндікті пайдалана отырып, қоғамдық қозғалыстарды, үкіметтік емес ұйымдарды біздің өсіп келе жатқан ұрпағымызды қорғауды қамтамасыз ету үшін күш біріктіруге, отбасы институтының рөлін арттыруға шақырамын», - деді министр.