Ішкі істер министрлігі қызметінің маңызды бағыттарының бірі жасөспірімдер қылмысының алдын алу болып табылады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі халықпен есептік кездесуінде ведомство басшысы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

Министрдің ақпараты бойынша, ювеналды полиция жұмысының арқасында жасөспірімдер қылмысының қысқаруы байқалады. Мысалы, 2017 жылы осындай 3134 қылмыс жасалса, 2019 жылы – 2645.

Ерлан Тұрғымбаев кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу үшін оқу орындарында бейнебақылау жүйесі кеңейтіліп, «қиын» жасөспірімдермен профилактикалық іс-шаралар өткізіліп, мектеп полиция инспекторлары жұмыс істеп жатқанын атап өтті.