Егеменді елімізде балалар әдебиетінде жазушылар жеткілікті, жастардың да кітаптары бар. Қазіргі балалар Рраффити фолдты, Гарри Поттерді жақсы көреді. Біз де қазақ балаларын қызықтырудың жақсы жолдарын тауып, олардың жүрегіне ұялататын шығармалар жазуымыз керек. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық академиялық кітапхана басшысы Үмітхан Мұңалбаева Дәуренбекқызы осындай пікірін жеткізді.

«Мемлекет басшысы былтырғы Жолдауында өскелең ұрпақтың спорт және шығармашылық әлеуетіне аса назар аудару қажеттігін айтан болатын. Президент өз сөзінде балалар үшін қатерлі бүгінгідей аумалы-төкпелі заманда, олардың күш-жігері мен қызығушылығын дұрыс арнаға бағыттау аса маңызды екендігін айқындап атап өтті. Менің ойымша, осы саясатты жүзеге асыру кітапхана керек. Балалар мен жасөспірімдер кітапханалары. Еліміздің барлық өңірлерінде осы мәселеге баса назар аударылуы тиіс»,- деді Мұңалбаева.

Бұл ретте Ү.Мұңалбаева шет мемлекеттерді мысал ретінде келтіріп өтті: Жапонияда Дүниежүзілік балалар кітапханасы, Финляндияда және Сингапурда балалар институты бар.

«Қазақстанда да осындай институт құруды ұсынамын. Онда кітап сапасын, кітап оқуды насихаттау, әңгімелер, өлеңдер, картина, фильм, барлығын талқылауға болады. Бұл көп мәселен шешуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, биылғы балалар әдебиеті жылын жоғары деңгейде өткізу үшін, тек қана кітапханашылар емес, қоғамның әрбір азаматы атсалысуы тиіс деп ойлаймын. Әрбір ата-ана, мектеп, мектеп кітапханашылары, үлкен-кішінің бәрі. Ертеңгі болашағымызды ойласақ, балалар әдебиеті мен бүгінгі жасөспірімдердің оқу қабілетін арттыруымыз керек», - деп түйіндеді Ү.Мұңалбаева.