2008 жылы Женевада өткен Жол қауіпсіздігінің жаһандық әріптестігі отырысында қабылданған Жол қозғалысы қауіпсіздігі жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, жылдамдықты 10 км/сағ қысқарту жол-көлік оқиғасының ықтималдығын 37%-ға төмендетеді. Бұл деректер «Нұр-Сұлтан-Щучинск» тас жолында жүргізілген шағын зерттеуге негіз болды. Оның қорытындысын Жол активтері сапасы ұлттық орталығының бас директоры Замир Сағынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте жария етті.

«Үстіміздегі жылдың 9 айында «Нұр-Сұлтан-Щучье» жол учаскесінде жылдамдықты сағатына 140 шақырымнан жоғары арттырудың 8280 тәртіп бұзушылық тіркелген. Бұл ретте 58 жағдайда жылдамдық сағатына 200 шақырымнан асып түссе, ең жоғары жылдамдық сағатына 238 шақырымды құраған. Осы учаскедегі тіркеу камераларының, әкімшілік полиция комитетінің дерекқорымен біріктірілмеуі салдарынан жылдамдық режимін бұзған адамдар жазадан құтылып кетуде. Бұл жүргізушілер өз өмірлерін ғана емес, сонымен қатар жол қозғалысының басқа да қатысушыларына қауіп-қатер төндіруде», - деді Сағынов сапалы жол инфрақұрылымымен қатар, жол қозғалысының қауіпсіздігін арттыру үшін жылдамдықты бақылаудың маңыздылығын атап өтіп.

«Бұл мәселені шешу үшін әкімшілік полиция комитетінің деректер базасымен міндетті түрде интеграциялай отырып, автомобиль жолдарын бекіту камераларымен қамтамасыз ету, сондай-ақ заңнамаға» «орташа жылдамдықты» айқындау әдісін енгізу қажет деп санаймын», - деп мәлімдеді спикер.