Бүгінгі күні 3 655 616 зерттеу жүргізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Айжан Есмағамбетова мәлімдеді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы шілде айында тестілеу қуаты тәулігіне 40 мыңнан сәл артық болғанын еске салды. Қазір 70 мың.

«Соңғы аптада зертханалардың қуаты 10%-ға артты. Кейбір өңірлерде тестілеу көрсеткіші еселеп артты. Оның ішінде Солтүстік Қазақстан облысында - 3,2 есе, Алматыда - 2,4 есе, Ақмола облысында – 1,6 есе», - деп атап өтті Есмағамбетова.