Бұл, әсіресе, қаражатты жұмсауға және шешім қабылдауға қатысты қызметі көбінесе ашық емес «көп үйлі» ПИК, ПИТК, ТК қатысты болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бұл жағдайды өз Жолдауында да атап көрсетті.

Қаражаттың түсуі мен жұмсалуының ашықтығын қамтамасыз ету үшін өз үйіңізде МИБ немесе жай ғана серіктестік құру қажет – деп еске салды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті төрағасының орынбасары Еркебұлан Дауылбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

2022 жылғы 1 шілдеден бастап басқармалардың бұрынғы нысандары жойылады. Спикер қарапайым алгоритмге тоқталып, бәрі тұрғындардың белсенділігіне байланысты екенін айтты. Жиналысты белгіленген мерзімде бастау және өткізу керек, ал кворум болмаған жағдайда көршілермен жазбаша сауалнама жүргізу керек. ХҚКО-ға барлығы 4 құжат тапсырылады: өтініш, хаттама (дауыс беру парақтарымен), Мемлекеттік және орыс тілдеріндегі Жарғы, мемлекеттік баж (1 АЕК).

«Карантиндік шараларға қарамастан, көп пәтерлі тұрғын үйлердің бастамашыл тұрғындары өз үйлерін басқаруды өз қолына алып, МИБ құру бойынша қажетті іс-шараларды жүргізуде. Жиналған ақшаны өз үйін ұстап-күтуге сапалы және мақсатты пайдалану бойынша мысалдар аз емес. МИБ құрудың артықшылықтарына тоқталсақ: ол бір көп пәтерлі тұрғын үй тұрғындарынан тұрады, бейтаныс адамдар жоқ. МИБ төрағасы пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелері қатарынан сайланады, күрделі жөндеуге ағымдағы және жинақ шоттары МИБ-те ашылады, кондоминиум объектісін тіркеу болмаған жағдайда, МИБ жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыс істеп тұрған көп пәтерлі тұрғын үйлерді мемлекеттік техникалық тексеруді жүргізу, сондай-ақ көп пәтерлі тұрғын үйдің астында орналасқан жер учаскесіне қажетті құжаттарды дайындау үшін ЖАО-ға жүгінуге құқылы», - деді комитет төрағасының орынбасары.

Басты мәселе – ақша қозғалысының ашықтығы. Басқарудың жаңа формаларына көшу бойынша барлық ақпараттық материалдар, соның ішінде құжаттар үлгілері zhkh.kz сайтында орналастырылған. Телеграм бот және Suraqtar.kz платформасы іске қосылды.

Сондай-ақ, 334 тыңдаушы оқытылды, 178 басқарушы маман біліктілігін растады.