Top.Mail.Ru

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен есеп беру кездесуінде ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева "Еститін мемлекет тұжырымдамасын" жүзеге асыру аясында азаматтарды тұрақты қабылдау және олардың өтініштерін бақылау бойынша мемлекеттік органдардың жұмысы жүйеленгенін хабарлады.

Министрдің мәліметінше, барлық мемлекеттік органдарда қоғамдық және онлайн-қабылдау орындары ашылды, мемлекеттік органдардың интернет-сайттарын біріктіретін бірыңғай платформа құрылды, оған күн сайын азаматтардың өтініштері келіп түседі. Барлық өңірлерде «109» байланыс орталықтары жұмыс істейді, әкімдіктерде халыққа «бір терезе» қағидаты бойынша қызмет көрсететін фронт-кеңселер ашылды.

«Шешім қабылдау үдерісіне халықты тарту үшін әкімдіктің ашық моделі құрылды. 100-ден астам ұйым «Ашық диалог» порталында бірінші басшылардың блогын ашты. Халықты Үкімет пен жергілікті органдар жүзеге асыратын бағдарламалармен таныстыру ыңғайлы болуы үшін «ашық деректер» порталы іске қосылады», - деп толықтырды А.Балаева.

Барлық брифингтер туралы білгіңіз келеді ме?
Бізге жазылыңыз канал в Telegram!