Соңғы 5 жылда жалпы өңірлік өнімдегі агросектордың үлесі 4%-ға дейін өсті. Облыс басшысы Гүлшара Әбдіқалықова қызылордалық ауыл шаруашылығы өндірушілерінің жетістіктерімен бөлісті. Оның айтуынша, бұл инвестиция өсімінің жоғары қарқынына, техникалық қайта жарақтандыруға және жаңа технологиялардың енгізілуіне байланысты.

«Мысалы, егер 2019 жылы АӨК негізгі капиталына 6,7 млрд. теңге инвестицияланған болса, тек 9 айдың қорытындысы бойынша ғана. Бұл көрсеткіш 8 млрд теңгеден асты. Бұл ретте ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспорты шамамен 12%-ға өсті, оның ішінде 98% – қайта өңделген өнім. Алғаш рет Ресейге мұздатылған көкөністер мен жаңа піскен қызанақтарды жеткізу басталды, Германияға алғашқы 420 тонна қамыс жіберілді. Биыл әлемнің 17 еліне ауыл шаруашылығы өнімдерінің 11 түрі экспортталды», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Күріш өсірушілер тағы да жоғары нәтижелерге қолжеткізді. Олар гектарына 61,8 центнерден орташа өнімділікпен 550 мың тоннадан астам күріш жинады. Суармалы сумен байланысты проблемаларды ескере отырып, күріш алқаптарын өндірістің тиімділігі есебінен дамыта отырып, тұрақтандыру туралы шешім қабылданды. Сонымен қатар, диқандар тұрақты табыс табуы үшін аз ылғал сыйымды дақылдардың егістері кеңейтетін болады.

«Суармалы сумен байланысты проблемалық мәселелерді азайту үшін 2,3 млрд. текше метр қысқы тасқын су көлемінде 6 су қоймасын салуды және тұрақты сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуді жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, Қызылорда су торабын, Әйтек су торабын қайта жаңарту, Жиделі су қоймасын жөндеу, Жалағаш ауданындағы ирригациялық дренаж жүйесін жетілдіру бойынша ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру жұмыстары басталды. Сондай-ақ, мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін 158 мың га алқаптағы ирригациялық және дренаждық жүйелерді қалпына келтіру, 29 мың га суармалы жерді қалпына келтіру және айналымға енгізу бойынша жобалар іске асырылатын болады», - деп атап өтті спикер.

Аймақтағы заманауи суару жүйелеріне баса назар аударылады. Пилоттық режимде Жаңақорған ауданында күздік бидай себілген 80 гектар жерге аквагельдер пайдаланылды. Нәтижесінде өнімділік гектарынан 18 центнерді құрады.