«Республика-Аймақ-Даму» қоғамдық қорының президенті Ғалым Байтук праймериз - елімізде саяси реформаларды жүргізу үшін беріліп отырған соңғы мүмкіндіктердің бірі екенін атап өтті.

«Барлық жаһандық проблемалар мен әлемдік трендтердің бізге әсер етуі мүмкін. Қалай? Ол реформалар арқылы өркениетті жолмен бола ма, әлде тәртіпсіз, белгісіз бір бақыланбайтын жолмен бола ма? Бұл өзімізге байланысты. Праймериз - бұл «мүмкіндіктер терезесі», бірақ екінші жағынан, әкімшілік ресурстарды жиі пайдаланатын, басқарғысы келетін, өз адамдарын биліктің өкілді органдарына дейін әртүрлі құрылымдарға өткізіп, қолынан келмесе де саясатқа ықпал етуді қалайтын әкімдердің қолындағы «Пандора жәшігі» секілді. Сондықтан «Nur Otan» партиясы Жақтастары лигасы өз алдына праймериздердің өткізілуін бақылау міндетін қойды. «Nur Otan» партиясының көшбасшылары үлкен жауапкершілікті сезініп, қазақстандықтар бұрын жүрмеген жолға түсетіндерін түсінеді. Мұның бәрі қатесіз, әкімшілік ресурстың ықпалынсыз өтуі өте маңызды», - деді Ғ.Байтук әріптестерінің көзқарасын жеткізе отырып.

Эволюциялық өзгерістерді қолдайтын қоғам қайраткері Әлия Садырбаева да «Nur Otan» партиясының жақтастарының қатарында. Ол белсенді отандастарын өмірді сөзбен емес, іс жүзінде жақсартуға үндеді.

«Өз елінің өміріне өзгерістер енгізе аламын және бұл қолымнан келеді деп ойлайтындарға айтарым: келіңіздер, тіркеліңіздер, праймеризге қатысыңыздар. Егер әділетсіздік орын алса немесе астыртын бұрыс шешімдер қабылданып жатса, үндемей қалмаңыздар, бұл туралы дауыстап айтыңыздар. Партияның бірінші орынбасары атап өткендей, егер бұзушылықтар тіркелсе, онда тексерулер сайлауды жарамсыз деп тануға дейін жүргізіледі. Мен, көп балалы ана ретінде, балаларды тәрбиелеуге көп көңіл бөлемін, болашақта бізді не күтіп тұр. Осының бәрінің негізі - әлеуметтік мәселелер. Сондықтан мен үшін ешқандай деструктивті сәттердің туындамағаны, барлық өзгерістердің бейбіт, эволюциялық жолмен болғаны маңызды», - деп атап өтті Ә.Садырбаева Сирия мен Палестинадан үрейлі мысалдар келтіре отырып.

Ал блогер Олжас Мамыр жастардың пікірін қысқаша және ашық жеткізді: бізге тойларда емес, қиын кезеңдерде халықпен бірге болатын депутаттар қажет.