ТЖМ қызметкерлері автономды жылыту жүйесі бар 2 млн тұрғын үйді аралау барысында 660 мыңнан астам бұзушылықты анықтады. Заң бұзушылықтардың көбін тұрғындар өз күшімен жойды. 4 млн астам азаматқа нұсқау берілді, 200 мыңнан астам адамды қамтыған 9,5 мың халықпен жиын өткізілді. 118 мың үйде датчиктер орнатылды, олар екі айда 3 рет іске қосылып, үй иелерінің өмірін сақтап қалды.

Газдан уланған отбасы қайтыс болған үй де рейдтік тексерумен қамтылды. Бірақ, өкінішке орай, бұл қайғылы жағдайдың алдын алуға көмектеспеді. Осы аптада қайғылы жағдаймен аяқталған улану мен өрт шығудың бірнеше фактіс орын алды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ТЖМ басшысы Юрий Ильин хабарлады. Ол барлық қаза болғандардың туыстарына көңіл айтты.

«Өкінішті статистика, әр азаматтың құқығы бар, аулаларды аралау кезінде 70,5 мыңнан астам үй иесі біздің қызметкерлерімізді жеке үй иелігінің аумағына кіргізуден бас тартқанын айтқым келеді. Нақ осы үйлерде өрт шыққан жағдайлар да бар. Түркістан облысында болған қайғылы оқиға – үйлерді аралау кезінде қызметкерлер тұрғындарға газ-техникалық жабдықтардың жүріс-тұрыс ережелері бойынша нұсқаулық берді. Тиісінше, бұл үй есепте тұрды, бірақ көріп отырғаныңыздай, тексерудің өзі бұл отбасын құтқара алмады. Сондықтан азаматтарымызға айтарым, өрт қауіпсіздігі, газ-техникалық жабдықты пайдалану шараларына назар аудару қажет. Газ жеткізу бойынша тұрғын үйлерге тікелей қызмет көрсететін компаниялар, соның ішінде келісімшартта жасалған газ-техникалық жабдықтың дұрыс жұмыс істеуі үшін дербес жауап береді», - деді Ильин.

Тұтынушыларға дейін газ жеткізушілермен жұмысты ұйымдастыру әкімдіктер жанындағы газ техникалық инспекциясының міндетіне жатады.

2021 жылы 2 айда елімізде 1 931 өрт тіркелді. 1354 адам құтқарылды, 99 адам, оның ішінде 13 бала қаза тапты. 104 адам, оның ішінде 12 бала жарақат алды.