Геологиялық барлаудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2021-2025 жылдарға арналған геологиялық барлау бағдарламасын әзірлеуге кірісті. Бұл туралы ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев халық алдындағы есептік кездесу барысында жұртшылықты хабардар етті.

Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру 2025 жылға қарай зерттеу үшін қол жетімдіден ағымдағы 25 – тен 37% – ға дейін (1,25 млн.км2) аумақтың зерделенуін арттыруға, пайдалы қазбалардың болжамды ресурстарын бағалауға және пайдалы қазбалардың шамамен 50 әлеуетті перспективалы объектілерін бөлуге, шөгінді бассейндердің зерттелу дәрежесін: игерілген бассейндер – 60%-ға дейін; аз зерттелгендер – 10% -ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді деп күтілуде.

Бұдан басқа, мемлекеттік бағдарламаны іске асыру геологиялық барлау жұмыстары кезінде халықты жұмыспен қамтуды 60 мың адамға арттыруға, инвестициялар тартуға және тау-кен байыту комбинаттарын салу және пайдалану кезінде жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді.