Әлемде аурудың өсуі жалғасуда. Бүгінгі күні әлемнің 216 елінде КВИ-дың 48 млн астам жағдайы тіркелген. 1,2 млн адам қайтыс болды. Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният әлемдік статистикаға тоқталып өтті. Мысалы, соңғы айда Германияда ауру өскені байқалды, онда өсім 0,9-дан 3,0-ге дейін артқан, соңғы тәулікте 16545 жағдай тіркелген. Ресейде – 18 648 жағдай, Испанияда да осыншама адам КВИ жұқтырған, Италияда КВИ 28 244 адамда расталды.

Қазақстанда COVID-19-дың оң нәтижесі бар 432 адам тіркелді, ПТР нәтижесі теріс – 269 жағдай. Сондай-ақ, соңғы екі аптада ел өңірлерінде COVID-бен сырқаттанудың өсуі байқалады.

«Аурудың өсімі барлық өңірлерде байқалады. Өткен аптамен салыстырғанда ауру 2,6 есеге өсті. Оның ішінде Шығыс Қазақстан облысында 6,6 есеге - 193 жағдайдан 1283 жағдайға дейін, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Қостанай облыстарында 3 есеге артқан. Бүгінгі күні 14 өңірдің – Солтүстік Қазақстан облысының, Батыс Қазақстан облысының, Ақмола, Маңғыстау, Алматы, Атырау, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының әкімдері, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері күшейтілген шаралар қабылдады. Күшейтілген шаралар қоғамдық тамақтану объектілерінде топтасуды азайтуға, кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызмет объектілерінің және халықтың тыныс-тіршілігіне қызмет ететін объектілердің жұмыс кестесін қысқартуға, шектеу шараларын сақтауға, демалыс күндері қоғамдық көлік қозғалысын тоқтата тұруға бағытталған», - деді вице-министр.