Мемлекет басшысы: «Біз біргеміз!» - бұл қоғамымыздың жаңа ұраны.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында «Біз Біргеміз!» онлайн-форумына қатысқан Мемлекет басшысы Қ.-Ж.Тоқаев атап өткендей, төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейін көптеген азаматтар пандемияның қауіпті кезеңі өтіп кетті деп есептей отырып, медициналық ережелер мен ұйғарымдарды сақтауды тоқтатты.

Сонымен қатар, Президенттің айтуынша, COVID-19 бүкіл халық пен мемлекет үшін бұрынғыдай айтарлықтай қауіп төндіреді. Инфекцияның жаппай таралуына қарсы тұру және салдарын жою үшін бірлескен бір жолға қойылған жұмыс қажет.

Дегенмен, карантиндік шаралардың күшейтілуіне қарамастан, қазақстандықтар толыққанды өмір сүруі, өз отбасымен жақындығын нығайтуы, балаларына, туған-туыстарына көбірек уақыт бөлуі тиіс. Мемлекет басшысы Қ.Ж. Тоқаев форумға қатысушыларды осыған шақырды.

Өз сөзінің соңында, ел Президенті пандемияға байланысты туындаған дағдарыс жағдайынан барынша пайда табу мүмкіндігіне азаматтардың назарын аударды, ол үшін жалпыға ортақ игілік үшін күш-жігерді біріктіру қажет.