Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой халық арасында инфекция миграциясының өсуіне қарамастан, Үкіметте қалыптасқан жағдайдан жоспарлы түрде шығу бойынша нақты көзқарас бар екенін және COVID-19 бойынша жағдайды тұрақтандыру бойынша шұғыл шаралардың егжей-тегжейлі жоспары жасалғанын атап өтті.

«Медицина қызметкерлерінің жанқиярлық еңбегін атап өткім келеді. Осындай қиын уақытта, өз отбасылары мен жақындарын қалдырып, олар өз денсаулығы үшін қауіпті жағдайда емделушілерге медициналық көмек көрсетуді жалғастыруда. Бұл кәсіп жанқиырлық пен адалдықты талап ететін күрделі, қауіпті жұмыс. Осыған байланысты, Сізден бізбен тығыз қарым - қатынас жасап, медицина қызметкерлерін олардың қиын еңбектерінде қолдау көрсетулеріңізді сұраймыз», - деп толықтырды А. Цой.