Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде белсенді таратылатын COVID-19 пандемиясының жасанды сипаты туралы ақпаратты жоққа шығара отырып, Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой бүгінгі күні ақпараттық дүрбелең мен жалған ақпараттың ағылуы аясында қазақстандықтарға ашық өтіріктен ақиқатты анықтау қиынға соққанын атап өтті.

Осыған байланысты, денсаулық сақтау министрі Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде азаматтарды инфодемияға ұшырамауға, тек дәлелденген дерек көздеріне ғана жүгінуді шақырды.

«Біз COVID -19 бар екеніне сенбеген кезеңді сізбен бірге өткіздік, енді бізден бүгінгі күннен бастап індетті болдырмау үшін қолданыстағы карантиндік шараларды мүлтіксіз сақтау талап етіледі. Бірінші кезекте, азаматтардың өз санасымен жұқтыру тізбегін үзіп, біздің денсаулық сақтау жүйесі ауырған азаматтарға қажетті медициналық көмек көрсетуге мүмкіндік береді»,-деп толықтырды А.Цой.