Коронавирустық инфекцияны жұқтырған азаматтар айғақтар болған кезде инфекциялық стационарда тиісті ем алады.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР Денсаулық сақтау министрінің м. а. Ләззат Ақтаева «егер ауруханалар үнемі бір-біріне қайта бағыттайтын жағдайда не істеу керек?», «КВИ жұқтырған пациент қайда емделуі керек?» деген сұрақтарына жауап берді.

Денсаулық сақтау министрлігі өкілінің ақпараты бойынша, коронавирустық инфекцияны жұқтырған азаматтар айғақтары болған жағдайда инфекциялық стационарда тиісті ем алады. Бұл ретте, айғақтарды коронавирустық инфекция белгілері бар азаматтар тіркелген емхана дәрігері анықтайды.