Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, Наиб мүфти Ершат Оңғаров «Халық арна» телеарнасы туралы айтып берді. Наиб мүфти бүгінгі күні ҚМДБ тарапынан «Халық арна» телеарнасы ашылып, оның басшылық және штаттық құрамы бекітіліп, Ұлттық телерадио хабарларын тарататын «OTAU, ID TV» спутниктік желілеріне қосылғанын жеткізді.

«Қазіргі уақытта «Халық арна» телеарнасының 2021 жылдарға арналған Медиа-жоспар аясында діни және мәдени танымдық бағытты қамтитын 29 бағдарлама көрермендерге эфирден ұсынылады»,- деді Е.Оңғаров

Сонымен қатар, телеарнадағы апталық бағдарламалар кестесінде қоғамдық танымды кеңейтетін бағдарламаның қамтылып отырғанын, сондай-ақ бүгінгі күні әзірленген медиа-жоспарға сәйкес эфирден көрсетілетін бейне түсірілімдердің дайындалып жатқанын хабарлады.