Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Холдингтің басқарма төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев мәлімдеді.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша елімізде 15,3 млн шаршы метр немесе 140 мың тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл 2019 жылмен салыстырғанда 17% жоғары. Бұл ретте «Бәйтерек» холдингі тұрғын үй құрылысында рекордтық көлемге қол жеткізуде негізгі қолдау көрсетті. Ол үшін Холдинг жергілікті атқарушы органдарды 281,2 млрд теңгеге қаржыландырды. Әкімдіктер 28 мың пәтерді белгіленген бағамен немесе елде салынған тұрғын үйдің жалпы көлемінің 20%-ын тапсырды», - деді спикер.

Отбасы банк арқылы халыққа «Бақытты отбасы» және «5-10-20» әлеуметтік бағыттарын қоса алғанда, 145,7 млрд теңгеге 14,3 мың жеңілдікті несие берілді.