«Бәйтерек» холдингі қолжетімді тұрғын үй салу үшін мемлекеттік емес инвестициялар тартуға ниетті. Бұл туралы бүгін ОКҚ-да өткен брифингте Холдинг басқармасы төрағасының орынбасары Әнуар Омарқожаев хабарлады.

«Ағымдағы жылы біздің алдымызға аса өршіл міндет қойылды – бұл барлық көздер есебінен 17 млн шаршы метр немесе 163 мың тұрғын үй салу. Ол үшін салаға инвестициялар көлемін едәуір ұлғайту қажет. Мемлекеттік бюджеттің шектеулі мүмкіндіктерін ескере отырып, «Бәйтерек» холдингі ішкі және ресейлік нарықтарда қаржы ресурстарын тартуды жоспарлап отыр. Коммерциялық банктер, сақтандыру және қаржы ұйымдары әлеуетті инвесторлар ретінде қарастырылуда.», - деді ол.

Осылайша, ағымдағы жылы шамамен 300 млрд теңге тартуды жоспарлап отырмыз. Бұл кезекте тұрған 31,3 мың адамды қолдауға мүмкіндік береді.