Қазақстанда қазіргі уақытта 23 мыңнан астам жұмыс орнын құрумен 13 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді. Өндіріс көлемі 2,9 трлн.теңге бюджетке түсетін салық түсімдері - 180 млрд. теңге.

Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөз сөйлеген индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержановтың айтуынша, барлық Арнайы экономикалық аймақ инфрақұрылымын салуға бюджеттік шығындар 344 млрд.теңгені құрады. Бұл ретте өңдеуші өнеркәсіпке тартылған инвестициялар көлемі шамамен 1,1 трлн. теңге, бұл 1 бюджеттік теңгеге мүмкіндік береді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз қазіргі уақытта Арнайы экономикалық аймақ қызметіне талдау жүргізіп жатырмыз, АЭА-ның үш жылдық кезеңге арналған даму стратегияларын пысықтап жатырмыз, 3 АЭА ("Астана – технополис", "Qyzyljar", "Ақтау теңіз порты") аумақтары кеңейтілді. Жеңіл өнеркәсіпті дамыту үшін "Оңтүстік" АЭА аумағын кеңейту мәселесі пысықталуда. АЭА және ИА дамыту мәселелері бойынша заңнамалық актілерге түзетулер дайындалды (МЖӘ және ерекше индустриялық аймақ құру мәселелері бойынша). "Қорғас" ШЫХО АЭА тиімділігін арттыру бойынша кешенді жоспар әзірленуде»,-деп хабарлады ИИДМ вице-министрі А.Ержанов.