ІІМ азаматтарды автомобиль сатып алу бойынша жасалатын мәмілелерді заңды түрде бекітуге шақырады.

ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіповтың ақпараты бойынша, автокөлікті сақтандыру полисі бойынша басқару немесе басқаруға берілген сенімхат азаматтардың заңды меншік иесі болып табылмайды.

Сондықтан автомобильдерге мүліктік құқықтарды сақтау үшін мәмілені заңды түрде бекіту және автомобильді кейіннен меншік иесінің атына тіркеу талап етіледі.

ІІМ өкілі сондай-ақ азаматтарды қырағы болуға және әлеуметтік желілерде белгілі бір сыйақысы үшін олардың, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен әкелінген көліктерін заңдастыруға уәде ететін алаяқтардың аулауына берілмеуге шақырды. «Мұндай автокөліктерді заңдастырудың немесе оларды полицияны айналып өтуге тіркеудің ешқандай түрі жоқ және сіз күтілген нәтижені алмай, өз қаржыңызды жоғалтасыз», - деді С.Түсіпов.