ІІМ: Қазақстанда «оң жақ рульді» автокөлікті тіркеуге тыйым салынады. Заң Армениядан да, басқа елдерден де әкелінген барлық автокөліктерге қатысты.

Елімізде оң жақ рульді автомашиналарды тіркеу қарастырылмаған, өйткені 2009 жылдан бастап оған тыйым салынған. Бұл туралы ОКҚ брифингінде ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов мәлімдеді. ІІМ өкілінің ақпараты бойынша, «оң жақ рульді» автокөлікті тіркеуге тыйым салу «Жол қозғалысы туралы» Заңмен және «доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламентімен белгіленген. Заң Армениядан да, басқа елдерден де әкелінген барлық автокөліктерге қатысты.

Оң жақ рульді автокөліктер бастапқыда конструкциясы бойынша сол жақты қозғалысы бар Жапония, Ұлыбритания сынды елдерге арналып жасалған. Сондықтан мұндай автомобильдерді оң жақты қозғалысы бар жолдарда пайдалану кезінде жүргізушілерге басып озу, сол жақ бұрылыс маневрлерін қауіпсіз орындау қиынға соқты»,-деп атап өтті С.Түсіпов.

Азаматтар жиі қоятын «неге Ресей мен Қырғызстаннан оң жақтағы автокөліктерге еш кедергісіз жүруге болады, ал Армениядан баруға болмайды?» деген сұрақтарына ІІМ өкілі елдер бойынша ешқандай градация жоқ деп мәлімдеді. Оның айтуынша, Ресей мен Қырғызстаннан келген автокөлік осы елдердің азаматтарына тіркелген. Өз кезегінде, Армениядан әкелінген автокөлік қазақстандықтарға ресімделген, сондықтан 2009 жылдан бастап Қазақстанда тіркелмейтін басқару органдары оң жақта орналасқан рульді автомобильдерді қоспағанда, «Жол жүрісі туралы» Заңға сәйкес Қазақстанда тіркеуге жатады.