Балаларға қатысты қылмыстардың алдын алу және болдырмау мақсатында ішкі істер министрлігінің бастамасымен барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен жарақтандырылады. Бұл туралы халық алдында есеп беру кездесуінде сөз сөйлеген ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, жыл сайын 2 мыңға жуық қылмыс жасалады. Бұл азаптау, ұрып-соғу, қорқытып алу. Бұл ретте барлық қылмыстардың үштен бірі зорлық-зомбылықпен байланысты.

Мұндай қылмыстардың жасалуына жол бермеу мақсатында ІІМ бастамасымен барлық білім беру ұйымдары бейнебақылау жүйелерімен жарақтандырылады, күзет қызметтерімен келісім-шарттар жасалады.

Сонымен қатар, жыл басынан бері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, балаларға қарсы қылмыстар үшін жаза күшейтілді.