ТЖ және карантин кезінде қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында Ұлттық ұланның және ішкі істер органдарының 50 мыңнан астам қызметкері жұмылдырылды.

Бұдан басқа: 400 блок бекет, 200 санитарлық бекеттер жұмыс істеді; маңызды мемлекеттік және стратегиялық объектілерді, тұрғын үй алаптары мен карантинге жабылған үйлерді күзету жүзеге асырылды; 9 мыңнан астам зарарланған және байланыста болған азаматтарды іздестіру жүзеге асырылды.

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен халық алдындағы есептік кездесу барысында ІІМ басшысы төтенше жағдай кезінде азаматтарды қорғауға белсенді қатысқан полицейлерге, еріктілерге алғысын білдірді.

Ішкі істер министрі түсіністік танытқан азаматтарға алғысын білдіріп, тұрғындарды елдегі құқықтық тәртіпті жүзеге асыруда және азаматтардың қауіпсіздігіне кепілдік беруді қамтамасыз етуде полицейлерге қолдау көрсетуге шақырды.