ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаевтың пікірінше, құқық бұзушылық туралы сигналдарға жедел ден қоюдағы ең көп жүктеме оқиға орнына бірінші болып келетін патрульдік полиция бөлімшелеріне жүктеледі.

Ірі елді мекендерде қоғамдық тәртіптің ең жоғары деңгейін қамтамасыз ету аясында көшелердегі нарядтардың санын арттыру туралы шешім қабылданды. Бұдан басқа, патрульді полицейлердің жалақы мөлшері 65% -ға (103 мың теңгеден 146 мың теңгеге дейін) өсті.

Тиімділік деңгейін арттыру үшін барлық автопатрульдер өрт, ЖКО, суға батушыларды құтқару кезінде зардап шеккендердің өмірін сақтап қана қоймай, полиция қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін азаматтарды құтқару құралдарымен жабдықталған.

Бұдан басқа, шетелдіктердің елде болуы кезінде олардың жайлылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа қызмет – туристік полиция құрылды.