ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов журналистердің Армения елінің номірлері бар автокөлікті тіркеу мерзімін ұзартуға қатысты сұрақтарына берген жауабында үкімет қаулысында тіркеу бойынша белгілі бір талаптар бар екенін жеткізді, яғни 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін. Осы мерзімге дейін осы тіркеу шарттарына жататын барлық көлік құралдары тіркеледі деп жоспарлануда.

«Азаматтардың өтініштерін және Техникалық реттеу және метрология комитетімен қайта жабдықталған автокөліктерді тіркеу үшін жасап жатқан жағдайларды ескере отырып, қайта жабдықталған автокөліктерді тіркеу мерзімін ұзарту мәселесін қарастырудамыз, - деп нақтылады С.Түсіпов.