Ішкі істер жүйесіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың, көрсетілетін қызметтерді цифрландырудың және әкімшілік кедергілерді төмендетудің арқасында ішкі істер органдарындағы сыбайлас жемқорлық 34% - ға қысқарды.

Бұл туралы халық алдындағы есептік кездесуде ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті. Ведомство басшысының айтуынша, бұл жұмыс бүкіл құқық қорғау жүйесін реформалау аясында жүргізілуде.

Ерлан Тұрғымбаев сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың әрбір жағдайы төтенше жағдай ретінде бағаланатынын айтты. Кінәлілер қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Жауап беретін - олардың тікелей басшылары.