Сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеу және азаматтардың уақытын үнемдеу мақсатында ІІМ ақпараттық технологияларды белсенді енгізіп, мемлекеттік қызмет көрсетуді электрондық форматқа көшіреді.

Анықтама: 2019 жылы 24 млн. 483 мың қызмет көрсетілді. Жүргізілген жұмыстың нәтижесінде: мекенжай анықтамаларын беру тоқтатылды; елге уақытша келген шетелдіктер үшін тіркеу тоқтатылды (шақыру бергендер өздері көші-қон қызметіне жүгінуі тиіс); 83% қызмет электрондық форматқа ауыстырылды. Жыл соңына дейін көші-қон саласында тағы бірнеше қызмет «онлайн-жүйеге» көшеді.

ІІМ басшысы Ерлан Тұрғымбаев атап өткендей, қызметкерлер мен азаматтар арасындағы тікелей байланысты болдырмау үшін жүргізуші куәліктерін, нөмірлерді, көлікті тіркеу, сынақ тапсыруды жүзеге асыратын тіркеу-емтихан бөлімдері халыққа қызмет көрсету орталықтарына тапсырылды.