Web Totem. Сіздердің деректеріңізді қорғайтын агент. Қосымшаны цифрлық саладағы қазақстандық мамандар әзірледі. Ол белгілі бір осалдықтарды анықтап, бұл туралы сайт иесіне хабарлайды. Техникалық мүмкіндіктер барлық пайдаланушыларға жетеді. Цифрлық даму министрі Бағдат Мусиннің мәліметінше, қазақстандық интернет кеңістігінде 150 мың домендік атау бар.

Екінші жаңалық - бұл халықты олардың жеке мәліметтерін пайдалану туралы хабардар ету сервисі.

«Естеріңізде болса, 2010 жылы Халыққа қызмет көрсету орталықтары деректер базасынан анықтамалар бере бастаған кезде, оларға үлкен функциялар берілген кезде, ХҚКО операторлары дерекқорға қолжетімділікті пайдалана алады және адамдарға қатысты белгілі бір ақпаратты көре алады деген күдікке ілінді. Сол кезде бұл мәселе былай шешілді, әр адам электрондық үкіметтегі жеке кабинетінде ХҚКО операторының дерекқорға кіргені үнемі тіркеліп отырады. Енді бұл қандай да бір себептермен ақпаратты көру үшін кіріп, қарайтын барлық басқа мемлекеттік органдарға да қатысты болады», - деп түсіндірді цифрлық министрлік басшысы.

Сонымен қатар, ақпараттық қауіпсіздік комитетінің отандық «айти мамандары» «есептен шығару» құқығын пайдалануды ұсынып отыр, яғни, жеке мәліметтерді Интернеттен толық жоюды. Бұл әлемде бұрыннан қолданылып келеді.

«Біз осы жолға түсеміз. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті белгілі бір жұмыстарды жүргізуде. Қазірдің өзінде Комитет қанағаттандырған бірнеше өтініш бар. Жеке мәліметтерді келісім бойынша пайдалану бойынша бастама бар. Мысалы, бүгін сіз банкке келіп, несие алған кезде, өз ақпаратыңызды өңдеу үшін белгілі бір келісімге қол қоясыз. Әрине, ол несиені өтедіңіз және банкпен ешқандай байланысыңыз жоқ, бірақ банк немесе бірінші кредиттік бюро қандай да бір алгоритмдерді құру үшін және т.б. мақсатта сіздің ақпаратыңызды одан әрі өңдеуге құқылы... Сондықтан біз адамдарға жеке мәліметтерін пайдалануға берген келісімдерін кері қайтарып алуға мүмкіндік бергіміз келеді. Егер 10 жыл бұрын адам қандай да бір қағазға қол қойса, бұл оның жеке мәліметтері өмір бойы өңделуі мүмкін дегенді білдірмейді», - деп атап өтті Бағдат Мусин. Сондай-ақ ол ақпараттық жүйелердің, оның ішінде мемлекеттік органдардың осалдығын тапқаны үшін сыйақы төлеу жоспарланып отырғанын жеткізді.