Жүргізілген 1400 мың зертханалық зерттеулердің ПТР-тесттердің 80% халыққа тегін негізде ұйымдастырылды.

Күн сайын Қазақстанда коронавирусқа 30 мыңға дейін зертханалық зерттеулер жүргізіледі, ал ағымдағы жылғы наурыз айынан бастап 1 400 мың зерттеу жүргізілді, бұл ретте зерттеулердің 80% халық үшін тегін жүргізілді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында республиканың бас санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

Спикердің айтуынша, ПТР-тест - бұл диагностикалық зерттеу, яғни белгілі бір клиникалық және эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізілетін тест.

Ескертпе:

Клиникалық көрсеткіштер бойынша - коронавирусты инфекцияны жоққа шығармайтын ауру белгілері бар адамдарға арналған тест. Тест тек дәрігердің тағайындауы бойынша жасалады.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша – ауруды жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған адамдарға, сонымен қатар әскерге шақырылушылар, жабық медициналық және медициналық-әлеуметтік мекемелерге түсетін адамдарға дәрігерлер тағайындайтын тест.

Бұл тағайындауларды медицина қызметкерлері немесе дәрігер-эпидемиологтар жасауы тиіс.

Жұмыс берушілерге арнаған сөзінде А. Есмағамбетова коронавирусқа тест тапсыруға қатысты жұмыскерлерге қойылатын талап ұжымды инфекциядан қорғамайтынын, себебі ұжымдар қызметкерлердің күнделікті қозғалысы орын алатын ашық ұжым болып табылатынын атап өтті.

Бұдан басқа, жұмыс берушілердің жұмыскерлердің тест тапсыруы туралы талабы зертханада қосымша үлкен жүктеме туғызады және бұл бірінші кезекте тест тапсыруы тиіс адамдарға қолжетімділікті төмендетеді.

«ПТР-тестті тек медициналық көрсеткіштер бойынша көрсетілім жасалған адамдар ғана тапсыруы тиіс. Жұмыс берушілер еңбек ұжымдарында коронавирусты инфекцияның алдын алудың басқа тәсілдерін қолдануы тиіс: жұмысқа кірер кезде жанасусыз термометрия; санитайзерлермен қамтамасыз ету; жұмыс уақытында медициналық бетпердені тағу; жұмыс орындарында әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ету бойынша жағдай жасау», - деді А.Есмағамбетова.