ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров жұртшылықты АӨК-дегі ерікті сақтандыру жүйесін дамыту мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіру аясында жүргізілген жұмыстар туралы хабардар етті.

Министрдің айтуынша, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры атынан оператор сақтандыру өнімдерін іске қосты. Олар бойынша сақтандыру сыйлықақысының бір бөлігін 50% субсидиялау қарастырылған. Сақтандыру үдерісі шарт жасасудан бастап, Жерді қашықтықтан зондтау деректерімен расталатын залал болған жағдайда сақтандыру төлемдерін өтеуге дейін толығымен автоматтандырылған, бұл адами факторды болдырмауға мүмкіндік береді және сақтандырудың ашықтығын қамтамасыз етеді.

Ауыл шаруашылығын қаржыландыруға екінші деңгейдегі банктерді тарту үшін, соның ішінде «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша, АӨК басым салалары бойынша қарыздарды кепілдендірудің жаңа құралы әзірленді. Анықтама: кепілдік беру келесі талаптармен жүзеге асырылады: 3 млрд.теңгеге дейін несиеге 50% дейін кепілдік. Басым инвестициялық жобалар бойынша жоба енгізілгенге дейін кепілдік 85% құрайды. Жоба пайдалануға берілгеннен кейін кепілдік мөлшері стандартты талаптарға дейін төмендейді (3 млрд.теңгеге дейін несиеге 50%).

2020 жылы осы мақсаттарға 10 млрд.теңге бөлінді, бұл 33,4 млрд. теңге сомасына кепілдік беруге және АӨК секторына 66 млрд. теңгеге дейін тартуға мүмкіндік береді.