Карантиндік кезеңнің басынан бастап 1 241 021 ПТР зерттеу жүргізілді.

ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. Ләззат Ақтаева ПТР диагностика әдісімен зерттеу жүргізетін зертханалардың жұмысы жалғасуда, карантиндік кезеңнің басынан бастап барлығы 1 241 021 ПТР зерттеу жүргізілді, тәулік ішінде 27 561 тестілеу өтті.

Сөз соңында Ләззат Ақтаева халықты барлық қауіпсіздік шараларын, бірінші кезекте әлеуметтік қашықтық, оның ішінде жұмыста, қоғамдық орындарда, маскаларды кию, жеке гигиенаны сақтау сияқты шараларды сақтауға шақырды.

«Басты ереже – бұл өзін-өзі ұстау, әрбір азаматтың жұмыста да, үйде де ережелерді сақтауы. Қазір бұл ережелерді сақтау өте маңызды. Бұл біздің отбасымыздың, жақындарымыздың және балалардың қауіпсіздігі үшін жасалған шаралар», - деді Ләззат Ақтаева.