Орталық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында журналистердің сұрақтарына жауап берген Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 17 тамыздан кейін карантинді ұзарту мәселесі туралы өз пікірімен бөлісті. Оның айтуынша, карантинді ұзарту туралы шешім сарапшылардың жұмысының нәтижелері бойынша қабылданады.

«Біз 2 апта бойы апта сайын деректерге мониторинг жүргіземіз. Егер аурудың тұрақты төмендеуін көретін болсақ, онда карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету жоспарына көшеміз. Егер динамикадағы көрсеткіштер нашарласа, онда басқа шешімдер қабылданады. Қазіргі уақытта көрсеткіштердің жағымды үрдісі бар», - деп нақтылады А.Цой.