Мемлекеттік кірістер комитеті тәуекелдерді басқару жүйесін жетілдіруде, тексерулерге іріктеу, салық төлеушілер мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды санаттарға бөлуді жүргізіп жатыр. Көлеңкелі экономиканың төмендеуіне және бизнеске қысым жасауды жоюға әкелетін шаралар туралы Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасы Марат Сұлтанғазиев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтып берді.

Оның мәліметінше, 2020 жылдың 9 айында 7,2 мың салықтық тексеру жүргізілген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59%-ға немесе 10,4 мыңға аз.

Сонымен қатар, қосымша төлемдер мөлшері 118,8 млрд теңгені құрады немесе 5,4%-ға өсті. Өндіріп алу сомасы 58 млрд теңгені құрады немесе 19%-ға өсті.

«Республикалық бюджет түсімдерінің жартысынан көбі және іс жүзінде бүкіл Ұлттық қор ірі салық төлеушілер мен жер қойнауын пайдаланушылардан түседі. Осы салық төлеушілер тобы үшін бақылау әдістерін қолдану нәтижесінде жыл басынан бастап қосымша түсімдердің мөлшері 37,7 млрд теңгені құрады», - деді М.Сұлтанғазиев.