13 наурыздан бастап Қазақстанда 2 257 бала COVID-19-бен ауырды. Ауруханаларда 114 сәби емделуді жалғастыруда. Кавасаки синдромы, соның салдарынан КВИ, үшеуінде ғана анықталды. Олар Нұр-Сұлтан, Алматы және Петропавл тұрғындары. Елордалық пациенттің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлім етті.

Кавасаки синдромы бұл сирек кездесетін, жедел жүйелі ауру, орта және кіші артериялардың зақымдалуымен сипатталады. Жақында ақтөбелік дәрігерлер COVID-19 асқынуының алғашқы белгілері бар балалар келе бастағанын айтты. ДСМ ресми өкілі жағдайға түсініктеме берген жоқ.