Қазіргі кезде тағы 4 бала ем қабылдауда. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Денсаулық сақтау басқармасының ресми өкілі Бағдат Қожахметов журналистің қойған сұрағына берген жауабында осылай деді.

Оның айтуынша, емделіп, ауруханадан шыққан балалар тұрғылықты жері бойынша учаскелік дәрігердің бақылауында болады.

Айта кетейік, Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қазақстанда коронавирус жұқтырған 40 бала тіркелген. Олар тиісті ем қабылдап жатыр.х

Сондай-ақ, соңғы аптада Кавасаки синдромымен бірде-бір бала тіркелмеген.