Қазақстандағы әрбір медициналық зертхана санитариялық режимді және биоқауіпсіздікке қойылатын талаптарды сақтайды.

Денсаулық сақтау министрінің зертханалық қызмет жөніндегі кеңесшісі Жанар Сүлейменова Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен телекөпір аясында пандемия жағдайында отандық медициналық зертханалардың жұмыс істеуінің қыр-сыры туралы айтты.

Сарапшының ақпараты бойынша, қазіргі уақытта барлық зертханалар үздіксіз, үш айлық тәулік бойы еңбек тәртібін жүргізуде. Сонымен қатар, зертханалар санитариялық режимді және биоқауіпсіздікке қойылатын талаптарды сақтауы тиіс және тиісінше жұмыс беттеріндегі вирустық бөлшектердің жиналуын болдырмау және зертханалық зерттеулер нәтижелерін бұрмалауға ықпал ететін факторларды болдырмау мақсатында жоспарлы-санитариялық өңдеу жүргізуі тиіс.

«Тестілеуге деген жоғары қажеттілікке қарамастан, зертханалар жоспарлы санитарлық өңдеуге жабылмайды. Зертхана вирусологтарының арасында ауруды тіркеу жағдайлары бар, бірақ олар зертханалық процеске әсер етпейді. Ол үшін тиісті кадр қоры бар және жаңа мамандармен толықтыру басқа ұйымдардан жұмылдыру есебінен жүргізіледі», - деп атап өтті Жанар Сүлейменова.