Субъектілік-бағдарланған тәсілді, тәуекелдің қосымша профилін және шығындардың өсуін енгізу арқылы сыртқы шекараларда бақылау күшейтілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Марат Сұлтанғазиев мәлімдеді.

«ТБЖ тиімділігі 73% құрады, 46 мың тексерудің 33,6 мыңында бұзушылықтар анықталды. Кедендік тексерулердің тиімділігі 44% құрады », - деді ол.

М.Сұлтанғазиев ТБЖ қолдану талдауы тұрақты негізде жүргізілетіндігін, ал тиімсіз тәуекел индикаторлары түзетілетінін немесе жойылатындығын атап өтті. Сондай-ақ, Комитет басшысы посткедендік бақылау жұмысын күшейту туралы айтты.

«Жыл басынан бері 1499 кедендік тексеру жүргізілді, нәтижесінде ТПиН-ге қосымша 23,1 млрд теңге сомасында есеп жасалынып, 7,2 млрд теңге өндірілді. Бұл өсімге «посткедендік бақылау» модульдерін енгізу және АСТАНА-1 АЖ-да баға туралы ақпаратты автоматты іздеудің арқасында қолжеткізілді. Кеден статистикасында ҚХР-мен сәйкессіздіктерді азайту үшін ҚХР-дан тауарлардың 6 мың баға индикаторлары енгізілді, тәуекелді тауарлар құнының өсуі байқалады. Комитет пен ҚХР Бас кеден басқармасымен Қытайдың экспорттық декларациялары негізінде ақпараттармен онлайн алмасуды орнатты», - деді спикер өткізу пункттеріндегі кедендік операцияларды бақылау үшін «Ахуал орталығы» құрылғанын айта отырып.

Бақылау-өткізу бекеттерінің барлық техникалық құралдары Орталыққа қосылған. 9 айда 702-ден астам заң бұзушылық анықтады, шамамен 885 млн қосымша төлемдер есептелді. Испекторлық-бақылау кешенінің скан-суреттерін талдау үшін жасанды интеллект енгізу жоспарлануда.