ЕАЭО ортақ нарығының әлеуетін толыққанды іске асыруға кейбір факторлар кедергі келтіруде. Бірінші кезекте, өзара саудадағы тосқауылдар. Оларды уақтылы анықтау ең ірі нарық – көрші Ресейге шығу кезінде отандық бизнесті «жандандыруға» мүмкіндік береді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Күшікова мәлімдеді.

«Біз кемшіліктерді, құқықтық немесе өнім экспорттаушылар үшін белгіленген кедергілерді анықтаймыз. Аталған мәселелер ЕАЭК алаңында талқыланады. Мысалы, 62 кедергі дәлелденді, 51 жойылды. Айта кетейік, олардың 25-і Ресей Федерациясының үлесіне тиесілі», - деді вице-министр бірлескен жұмыстың тиімділігіне мысал келтіре отырып.

Ол атап өткен тағы бір кедергі сезімтал секторлардағы міндеттемелердің орындалмауы. Бұл, мысалы, мемлекеттік сатып алуларға қолжетімділікті шектеу. Бірақ бұл мәселе жақын арада өз шешімін табады. Бұл ретте министрлік жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобы да еңбек етуде.