Назарбаев Зияткерлік мектептері еліміздің орта білім беру жүйесі үшін эталон болды. Бүгінде олардың тәжірибесі барлық орта білім беру жүйесіне таратылады. Бұл туралы «Нұрсұлтан Назарбаев – жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция» атты халықаралық конференцияда «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Басқарма Төрайымы Күләш Шамшидинова мәлімдеді.

«11 жыл бұрын Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен Зияткерлік мектептер құрылды. Неліктен? Өйткені технологиялар, демография, тұрақсыздық пен климат саласындағы жылдам жаһандық өзгерістер аясында адам капиталының дамуы технологиялардың дамуы мен таралуына үлгермей, ал қазіргі заманғы сын - қатерлер білім берудің алдына жаңа міндеттер қоятын болады», - деді спикер.

Күләш Шәмшидинова 2020 жылы бүкіл әлем тап болған өзгерістер мен сын-қатерлер білім беру жүйесін қазіргі әлеммен бірге дамытудың маңыздылығын тағы бір рет көрсетті деп санайды. Сондықтан білім беруді дамытуға байланысты кез келген бастамалар өзекті болып отыр.

Бүгін, 2020 жылғы 2 шілдеде Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасында "Нұрсұлтан Назарбаев. Жауапты көшбасшылық: сабақтастық және эволюция".

Ұйымдастырушылар: Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.