Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте еліміздің Бас педагогы мәлімдеді. Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, нормативтік-құқықтық актілерде сыныпты 15 адамнан кіші топтарға бөлу нақты бекітілген. Қаржы бөлу және сыйақы құжатталған және тиісті лауазымды тұлғалар үшін міндетті болып табылады.

«Жыл сайын бізде тарифтеу процесі бірдей бекітіледі. 1 қыркүйекке дейін кесте өзгермелі және жинақтау бойынша жұмыс процестері жүріп жатыр, сондықтан тарифтеу бойынша да мәселелер бар. Жалпы, қосымша сағат алатын әріптестерге тиісті еңбекақы төлеу нақты регламенттелуі үшін барлық қажетті нормалар. Жергілікті атқарушы органдар бұл туралы жақсы біледі. Біз сапаны қамтамасыз ету департаменттері арқылы осы нормалардың орындалуын мұқият қадағалап, олардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін боламыз», - деді Аймағамбетов.

«Бұл қосымша ақы емес, заңмен белгіленген жалақы. Егер мұғалімнің жүктемесі сағатпен есептелсе аптасына бір ставка 18 сағат, бұрын көп адам жетіспеген болса, қазір 25, 27 сағат жұмыс істей алады. Бұл мұғалімдер үшін жүктеме мен қосымша ақы айтарлықтай болады. Мектептің бухгалтериясы бұл ақшаны төлеуге міндетті болады», - деп еліміздің Бас ұстазы әріптестерін қуантты.