Қаржы министрлігі цифрландыру шеңберінде көлеңкелі экономиканың үлесін қысқартуға бағытталған бірқатар шараларды жүргізуде. Тауарларды таңбалау жүйесі маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте ҚР ҚМ МКК департамент директоры Бақытггүл Қазақбаева хабарлады.

Оның айтуынша, тауарларды таңбалану өнімнің физикалық бақылануын қамтамасыз етеді, ал тұтынушылар сатып алынатын тауар туралы толық ақпарат ала алады.

«Қазақстанда темекі өнімдерін таңбалау міндетті. Бұл процеске өндірушілер, импорттаушылар, дистрибьюторлар және бөлшек сауда қатысады. Таңбалау екі кезеңмен енгізіледі. Бірінші кезең 2020 жылдың 1 қазанында басталды, онда фильтрлі және фильтрсіз темекілер таңбаланады. 2021 жылдың 1 сәуірінен бастап біз сигараларды, сигариллаларды, стиктерді, электрондық темекіге арналған сұйықтықтарды таңбалау қажет болатын екінші кезеңге кіреміз. Таңбалау қандай міндеттерді шешеді? Тауар нарықтарының заңсыз айналымы қазір тікелей цифрлық маркалармен жүзеге асырылуда. Data Matrix өндірушінің қағаз акциздік маркасын алмастырады. Импорттаушылар темекінің әр қорабына Data Matrix кодтарын жазады, онда өндірушінің деректері, сериялық нөмірі және тексеру коды шифрланған. Дүкен бір қорап темекі сатқанда, кассир Data Matrix сканерлейді, сату туралы ақпарат ФДО-ға жіберіледі, содан кейін «тауарлардың бақылануын таңбалау» ақпараттық жүйесіне түседі, жүйеде бұл қорап сатылғандай белгіленеді және айналымнан шығарылады. Ақпараттық жүйеде таңбаланған тауарлардың барлық қозғалысы белгіленеді», - деп түсіндірді спикер.

Сонымен қатар ол жиі қойылатын сұраққа жауап берді: «таңбаланбаған темекі қалдықтарымен не істеу керек?». Олар 2021 жылдың 1 қазанына дейін айналымда болуы мүмкін. Дәл осы күннен бастап сатушыларға толық жауапкершілік жүктеледі – 200-500 АЕК айыппұл салынады, ал егер тұтынушыға зиян келтірілсе – қылмыстық бап қарастырылған.