Нұр-Сұлтанда 3 негізгі ластану көзі бар. Бұл ЖЭО, жеке сектордағы пештер және көлік. Алғашқы екі проблема алдағы жылдары елорданы газдандыру есебінен шешілетін болады. Бірақ автомобильдер мен автобустар шығаратын пайдаланылған газ энергияның балама көздерімен шешіледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мегаполис басшысы Алтай Көлгінов мәлімдеді.

Оның айтуынша, электробустар сатып алынуда.

«Естеріңізде болса, қалаларда локдаун кезінде ауа таза болды. Егер біз қоғамдық көлікті ауыстырып, велосипедшілерге жағдай жасап, дамытатын болсақ, «жаяу жүргіншілерге арналған қала» қағидасы өз нәтижесін береді. Кейбір инвесторлар автопарк салып, электр автобустарын сатып алады, бізден маршруттар мен субсидиялар сұрайды. Үшіншіден, көгалдандыруды барынша қолға алу керек. Елорда көшірілген сәттен бастап Елбасының тапсырмасымен құрылған «Жасыл белдеу» шамамен 90 млн га жерге отырғызылды, оның 17 млн қалада. Бұл қаланың «өкпесі». Сондықтан ағаш отырғызуды одан әрі жалғастырамыз. Біз сондай–ақ бірқатар министрліктермен талқыланатын тағы бір мәселе - бір кездері түнгі тариф деген болған, түнде электр энергиясының бағасы төмендеді және адамдар оны пайдаланды. Қазір адамдар түнде пештерін көмірмен жаға бастады, ал оның сапасынан көп сұрақ туындайтыны белгілі», - деді елорда әкімі.