Шығыс Қазақстанда 10 383 аз қамтылған және 26 759 көп балалы отбасы бар. Арнайы облыстық бағдарлама аясында оларға материалдық қолдау көрсетілді, 48 мың оқушыға 1 қыркүйекке дейін киім-кешек алынды, 4 мың бала балабақшаға тегін барады, 1,5 мыңнан астам студентке грант берілді.

«Бизнес идеяларды іске асыруға 740 жоба бойынша 411 млн теңгеге өтеусіз және қайтарымсыз гранттар бөлінді, 567 млн теңгеге 146 бизнес-жобаны іске асыру үшін кредиттер берілді, тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша көп балалы отбасыларды қолдау тетігі әзірленді. Ұдайы проблемаларды шешу емес, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың бизнесін дамыту үшін жағдай жасау концептуалды міндет болып табылады. Бұл біздің қызметіміздің маңызды факторы, 1 млрд теңге бизнес-идеяларды іске асыру үшін ғана бағытталады», - деді Ахметов.

Облыстық бағдарлама аясында көп балалы және аз қамтылған отбасыларды қолдауға барлығы 4,1 млрд теңге бөлінді. Өткен жылы негізінен ауылда тұратын 563 көп балалы отбасы үшін 1,6 млрд теңгеге тұрғын үй салынды және сатып алды. 519 мың ш.м. тұрғын үй (5 660 пәтер) 117% өсіммен - биылғы жылға жоспарланған. Тұрғын үй құрылысына 30 млрд теңге инвестиция салынды, бұл өткен жылғы бюджеттен 1,5 есе көп.

Айта кетейік, өңірде тұрғын үй кезегінде 2285 мұқтаж адам тұр.

«Алдағы үш жылдың негізгі бағдарламасы – «Бір қабатты Шығыс» жобасы. ЖТҚ бірнеше аудандарына инфрақұрылым жүргізу аяқталды. Салымдар 29 млрд теңге бюджет қаражатын құрады. Бұл 642 мың шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік береді, 149 млрд теңге жеке инвестициялар тартылады. Осылайша, өсіп келе жатқан ішкі сұраныс қанағаттандырылады», - деп атап өтті аймақ басшысы.

Ол сондай-ақ сумен жабдықтауды қаржыландыру көлемі 9 есеге артқанын атап өтті. Халықтың 82%-ы таза су ішеді. Келесі жылы бұл көрсеткіштер артпақ. 86 млрд теңге автожолдар мен көшелерді салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге жұмсалады.