2020 жылы тар жерлерді жою бағдарламасын іске асырудың белсенді кезеңі басталды. Ол Қазақстан Республикасы аумағынан КҚК мұнай құбыры арқылы мұнай тасымалдауды жылына 72,5 млн. тоннаға дейін ұлғайту мақсатында әзірленіп, енгізілді. Қазіргі кезде мұнай құбырының жобалық қуаты 67 млн. тоннаны құрайды. Бұл туралы ОКҚ өткен брифингте «Каспий Құбыр Консорциумы» АҚ Бас директоры Николай Горбань хабарлады.

Оның мәліметінше, жоба аясында үш магистралды сорғыны ауыстыру және теңіз мұнай айдау станциясындағы ППТК торабын жаңғырту қарастырылған.

«Бұл негізгі станция, оған Теңіз кен орнынан мұнай келеді. Онда да белсенді қалпына келтіру жұмыстары қолға алынды және 2023 жылдың басында мұнай жеткізілімі ұлғайтылады. Сондай-ақ, Теңіз мұнай айдау станциясында МКӨЖ004 жаңғыртылады - қосымша өлшеу желілерінің құрылысы, ЖРЖ бар жаңа тіреуіш сорғы станциясының, 20 000 м3 болатын екі жаңа резервуардың және Теңіз мұнай айдау станциясындағы ілеспе құрылыстары жүргізіледі», - деп атап өтті компания басшысы.

Бұдан басқа, бас станцияны кепілді электр қуатымен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жаңа қосалқы станция мен екі ЭБЖ салынуда. Сондай-ақ Атырау, Исатай және Құрманғазы мұнай айдау станцияларында жаңа магистральдық сорғы агрегаттары мен ілеспе құрылыстар салу көзделген. Жалпы алғанда, бұл мақсаттарға 157 млн. доллар бөлінді.

«Белсенді кезең 2021-2022 жылдары жүзеге асырылады, ал 2023 жылға қарай әлемдік нарықтарға экспортты одан әрі тасымалдау үшін құбырымызды қосымша мұнай көлемін қабылдауға дайындауға ниеттіміз», - деді Горбань.