Өткен жылдың соңында Жол картасы бекітілді. 5 бағыт бойынша 39 іс-шара енгізілді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Асан Дарбаев мәлімдеді.

Құжатта монополистер қызметіне бақылауды күшейту, монополистердің сатып алуын талдау, тариф белгілеудің ашықтығы, халықтың тұтынатын ресурстарға үнемді қатынасын қалыптастыру және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету, ТКШ коммуналдық қызметтеріне негізделген тарифтерді қамтамасыз ету, монополистер қызметінің тиімділігін арттыру қарастырылған. Бүгінде іс – шаралардың көбі Комитетпен орындалды.

Баяндалғанды қорытындылай келе, Асан Дарбаев мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру тариф белгілеу процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ халық үшін тарифтерді әділ қалыптастыруды қамтамасыз ететінін атап өтті.